Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Есеп беру концерті өтті

баланы өнерге баулу
баланы өнерге баулу

Жақында, Миялы балалар өнер мектебінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жарты жылдық есеп беру концерті өтті.

Шара барысында өнерлі оқушылар әсем ән шырқап, мың бұрала би биледі. Күмбірлеген күй де, қобыздың сырлы үні де осы кеште естілді.

 Сахна шымылдығын Миялы балалар өнер мектебінің оркестрі Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйімен ашты. Одан әрі мектептің бишілері  «Тойбастар»,  «Валенка», «Қамажай», «Вальс» билерімен көрерменнің ықыласына бөленсе, Қобызшылар ансамблі «Құттықтаймын, мама туған күніңмен!» шығармасын орындады. Сондай-ақ, «Киім үлгілеу» сыныбының оқушылары өз қолдарымен тіккен киімдерінен сән үлгісін көрсетіп, оны «16 қыз» әнімен «До-ми-соль-до» жігіттер квартеті сүйемелдеді. Ал, «Бейнелеу» сыныбының оқушылары «Қуыршақ» қойылымын көрерменге ұсынды.

Осы орайда, баланы өнерге баулып, қызығушылығын одан әрі шыңдап, сахна мәдениетін үйреткен ұстаздардың еңбегі зор.

Гүлмира МАҚСОТ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз