Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елімізде қызылшаға қарсы 608 мыңнан астам адам екпе алды

Фото: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 млн. адамның 608 мыңнан астамы вакцинацияланды, қамту 40,5%-ды құрады, күн сайын 30 мыңнан астам адам екпе алады. Бұл туралы Kazinform ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан әрі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шара қабылдап жатыр.

Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық балаға екпе салынады (ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды). Сонымен қатар эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізілуде, бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.

Қызылша мен басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықпен ақпараттық жұмыс жалғасып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады.

Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігінің артуы байқалады. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауға алынған. Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қосымша жаппай иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы вакцинация алуды, 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы 2 екпе болмаған кезде, толықтыру вакцинациясы шеңберінде профилактикалық екпе алуды ұсынамыз.

Профилактикалық екпе алу үшін тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT