Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БЕКАРЫС – АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде қазақ күресінен Азия кубогын сарапқа салған байрақты бәсеке өтті. Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Моңғолия және еліміздің барлық өңірінен апайтөс балуандар қатысты. Бұл сында облыс намысын қорғаған жерлесіміз Бекарыс Мұратұлы барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия кубогінің жеңімпазы атанды.

60 келі салмақта белдескен Бекарыс жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ұлытаулық, екінші Шымкент қаласының, жартылай финалда қарағандылық балуанды ұтты. Финалда қазақ күресінен әлем чемпионы жетісулық Марат Нығметоллаевпен кездесіп, белдесудің аяқталуына 11 секунд қалғанда ұтымды әдіс жасап, қарсыласын қапыда қалдырды. Сөйтіп Азия кубогінің жеңімпазы атанып, 400 мың теңге қаржылай жүлдеге ие болды. Осы ретте, Бекарысты аталмыш жарысқа дайындаған бапкері Сұңғат Закарияевтың да еңбегін айта кеткен жөн.

 – Бұл мен үшін өте маңызды жарыс болды. Себебі, бұл жарыстағы қарсыластарым кілең мықты. Алғашқы қарсыласым былтырғы ел чемпионы болса, шымкенттік балуанның Азия біріншілігінің жеңімпазы деген атағы бар. Ал, финалдағы қарсыласымнан былтыр «Дала қырандары» жарысында ұтылып қалған едім. Осы жолы басым түсіп, есемді қайтардым. Осы ретте, бапкерлеріме, қолдаған жанкүйерлерге алғысымды айтамын, - деп ағынан жарылды Бекарыс балуан.

 Дулат МӘТЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT