Таяуда «Арман» мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Конферансье-2021» атты аудандық жүргізушілер байқауы өтті.
Оған Жангелдин, Көздіғара, Сағыз, Миялы ауылдық округтерінен барлығы бес жұп қатысып, олар үш бөлім бойынша сынға түсті. Қатысушылар алғашқы бөлімде монолог, өлеңдер оқыса, екінші бөлімде ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Соңғы үшінші бөлімде қатысушылар ресми шаралар мен телевизиялық бағдарламалардан үзінді оқыды.
Қызықты да тартысты өткен байқаудың нәтижесінде бас жүлдені жангелдиндік Әлихан Кереев пен Гүлбаушан Нәдірқызы жеңіп алса, бірінші орынды миялылық Жанкелді Ізбасқан мен Нұршат Бимағанбет иеленді. Жүлделі екінші орынға сағыздық Ақтілек Кәдірғали қол жеткізсе, үшінші орындарды миялылық Сағадат Асқар мен Ақтоба Нұрлыбекқызы және көздіғаралық Жандарбек Есболсын мен Айдана Оспанның жұптары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаз бен жүлдегелерді аталмыш бөлімінің бас маманы Гаухар Құрманғазиева диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Дулат БЕРІК