Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда “Атырау Quest” зияткерлік жарысы өтті

Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік бағдарлама аясында қаламызда “Атырау Quest” зияткерлік жарысы өтті.

 Сайысқа қатысқан 20 команда 12 локациядан өтіп, берілген тапсырманың жауабын табу қажет.

Нәтижесінде сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жарыс алаңына тез оралған “Bas Time” командасы жүлделі 1-орынды ұтып алды. Ал, 2-орынды “Феодалдар” командасы алса, “Уақыт жоқ” командасы 3-орынды иеленді.

Жеті жарғы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен сайыста жеңімпаз командаларға қаржылай 100 000, 50 000 және 25 000 теңге көлемінде сыйлық табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты: жастар арасында ойын арқылы өңірдің тарихын таныту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521