Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі – Атырау қаласынан, 1 адам – Қызылқоға ауданынан, ал 2 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша 49 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.