Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 556 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 422 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 40 науқас анықталды. Ал, 18 - Жылыой ауданында, 14 - Индер ауданында, 7 - Исатай ауданында, 20 - Қызылқоға ауданында, 13 - Құрманғазы ауданында, 12 - Мақат ауданында, 10 науқас - Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 216 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 20 адам емделді.
Қазір 3948 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 43, модульдік ауруханада - 190, фтизиопульманологиялық орталықта - 34 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 65. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 500 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.