Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада бес күнде 3 бала қауіпті індет жұқтырды

Ауданда COVID-19 пандемиясын жұқтырған науқастардың саны өсуде.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Жаңа жылдың алғашқы күндері ауданымызда коронавирус инфекциясының үш жаңа дерегі тіркелді. Олардың екеуі мектеп жасында болса, біреуі өткен жылы дүние есігін ашқан. Індеттің симптомсыз түрін жұқтырған олар бүгінгі күні үйлерінде тиісті ем-домын алып, бақылауда тұр.

– COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері ауданда тіркелген 473 науқастың бесеуі бақилық болса, бүгінгі таңда бір адам орталық ауруханада ем алуда, - дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Асауова.

Жаңа жыл мерекесінің алдында, құрамында округ мамандары, мекеме басшылары, учаскелік полиция инспекторлары бар мобильді топ мүшелері Мұқыр, Сағыз және басқа да ауылдық округтердегі мейрамханаларды аралады. Нысан иелеріне Атырау облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту бағытында жарияланған қаулысымен таныстырып, Жаңа жылды қарсылау бағытында түрлі мерекелік басқосуларды ұйымдастырмау қажеттігін түсіндірді. Егер де жаңа жылдық басқосулар өтетін болса, заң шеңберінде тиісті шара қолданатындығын қаперге берді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарды аралаған мобильді топ мүшелері дүкен иелерін аталмыш қаулымен таныстырып, тұтынушыларды медициналық бетпердесіз кіргізбеу, арақашықтықты сақтау секілді түсінік жұмыстарын тағы да қайталап жүргізді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT