Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Вакциналау мен мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілу керек

«Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен вакциналау сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмыстары қаралды»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, өңірде коронавирус инфекциясына қарсы 71 мың адам вакцина алған. Ал ІІ компонентті толық ектіргендер саны 32 мыңға жеткен. «Ақпан айынның басынан бері облысымызға 111 200 доза вакцина жеткізілді. Оның 92 700 дозасы «Спутник-V», 2000 дозасы «Каз -Вак», 9500 доза «Хаят-Вак» және 7000 «Корона Вак» вакцинасы. Екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша 41 екпе пункттері ашылды, оның 10-ы жылжымалы пункт»,-деген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Теңіз кең орнында -2, Атырау, Байзар және Дина сауда және ойын-сауық орталықтарында - 3, қала мен аудандық емханаларда – 36 пункт жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Ол сондай-ақ Теңіз кен орынында вакцинаны игеру көрсеткіші қала мен аудандармен салыстырғанда 6 есе жоғары екенін айтты. Ал басымдық бойынша вакцинациялауға жататын контингенттер арасында ең жоғарғы көрсеткіш құқық қорғау органдарының қызметкерлері–154%, бұл контингентке әскери бөлімдердің сарбаздары енгізілгендіктен қамту көрсеткіші 154%-ды құрап отыр. Ал, ең төменгі көрсеткіш созылмалы аурулары бар науқастар – 2,7 %, студенттер – 6,3%, және педагогтар – 35,2% арасында байқалады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігіне тоқталған Асхан Байдувалиев халықты вакцинациямен қамту деңгейін арттыру үшін бірқатар ұсынысын білдірді. Өз кезегінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов 64 мобильді топ құрылып, карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, олардың құрамына ІІД, "Атамекен" ҰКП қызметкерлері, аумақтық әкімдіктердің өкілдері кірген.

«2021 жылдың 1 қаңтар мен 21 маусым аралығында 9761 рейдтік тексеріс өткізіліп, 40469 обьект қамтылған. Облыс бойынша мониторингтік топтар 432 бұзушылық анықтаған. Шағын және орта бизнес обьектілеріне және жеке тұлғаларға 42 млн 154 мың 359 теңгеге 312 айыппұл салынды»,-деді Мәдениет Танауов. Жиынды түйіндеген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Өңірдегі карантинтік шектеулер жалғасуда. Ахуал тұрақталды деп айтуға әлі ерте. Осы жағдайды қалыптастырудың бір тетігі ол жаппай вакцинациялау жұмыстарын жандандыру»,-деді.

Сонымен қатар, ол жауапты лауазым иелеріне өңірдегі шектеулердің орындалуын қадағалаушы мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521