Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теңізде тоғыз күн ішінде бірде-бір адамнан коронавирус анықталған жоқ

Қазіргі таңда кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарларында 5 адам ем алуда, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау облысында бір 6 адам Covid-19 жұқтырған. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 4 жағдайы расталды, Исатай ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Қазір 80 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 59,

аудандық инфекциялық стационарларда – 14. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 5 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521