Стоматологиялық көмек алу үшін пациент не істеу керек?

Биылғы жылдың 8 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық филиалымен халыққа 321 мың стоматологиялық қызмет көрсеткені үшін 549 миллион 834 мың теңге төленді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша шұғыл стоматологиялық көмекке қалай жүгіну керектігін Атырау облысы бойынша филиалдың директоры Сәбит Құралбек айтып берді. Жыл басынан бері Атыраулықтар 549 миллион 834 мың теңге сомасындағы стоматологтар қызметін алды.

 

«МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар ала алады» - деп түсіндірді Сәбит Құралбек.

«Стоматологиялық көмек алу үшін пациент емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне алады. Бұл ретте стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті өнім берушісі болып табылады және әлеуетті өнім берушілер тізілімінде болуы маңызды», - деп атап өтті филиал директоры С. Құралбек.

«Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету пациенттің еркін таңдауы негізінде жүзеге асырылады (бала - ата-ана немесе заңды өкіл болған жағдайда) және пациенттің тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің жолдамасының болуы талап етілмейді. Қызмет көрсету фактісі және стоматологиялық көмек көлемі ақпараттық жүйеде тіркеледі, бұл бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымы мен стоматологиялық клиникалар арасында бірлесіп орындау шартын жасасу үшін негіз болып табылады, ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады», - деп түсіндірді филиал директоры.

Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жүгіну қажет, қосымшаны Play Market және App Store арқылы орнатуға болады.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика