Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Pfizer" вакцинасын емізулі сәбиі бар 207 ана алды

Облыс бойынша 174 оқушы, 13 жүкті әйел "Pfіzer" вакцинасының I компонентімен егілді.

"Бұл туралы онлайн брифинг барысында Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Қазір облыс бойынша 224 адам қайта вакцинацияланды. Сонымен қатар, жылдың аяғына дейін 14-15 мың адамды ревакцинациямен қамту жоспарда. Облыс бойынша вакцинациялауға қарсы көрсетілімі жоқ адамдар саны 365 760 құраса, оның ішінде I компонент 249 816 адамға,  II компонент 229 479 адамға  салынды" деді Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Атап өту керек, соңғы екі аптада Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 5 есеге төмендеді. Соңғы тәулікте 4 адамнан инфекция анықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521