«Бүгінгі күнде Атырау облысы тұрғындарының 86 % сақтандырылған. Яғни олар медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді кедергісіз пайдалана алады. Ал, шұғыл медициналық көмек Қазақстанның барлық тұрғындарына статусына қарамастан көрсетілуі тиіс» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғаныңызды бірнеше минут ішінде өздігіңізден тексеруге, сонымен қатар соңғы 12 айдағы анықтаманы алуға және қарызды көруге болатын бірнеше ыңғайлы құралдар бар. Олар: Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы. Сіз қосымшаны PlayMarket пен AppStore -дан жүктей аласыз.
Біздің инфографикада сіз QR кодтарын таба аласыз, оларды арнайы қосымшаның көмегімен оқығаннан кейін бірден сізге қажет бетке өтуге болады. Одан әрі мәзірден "сақтандырылу мәртебесін тексеру" бөлімін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды енгізу қажет. Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Мұнда сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анықтап қана қоймай, сонымен қатар соңғы 12 айдағы жарналар мен төлемдер туралы ақпарат ала аласыз.
Ботты біздің графикамыздан QR-кодты сканерлеу арқылы іске қосуға болады. Мәзірде "сақтандырылу мәртебесін анықтау" бөлімін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды енгізіңіз. "Төлем жоқ"үзіндісіндегі ақпаратқа назар аударыңыз. Бұл дегеніміз, осы айларда сіз үшін жарналар мен аударымдар болған жоқ, яғни сізде қарыз пайда болды және оны төлеу қажет. МӘМС жүйесіне төленетін жарнаның қомақты бөлігін жеңілдігі бар 15 санат үшін мемлекет төлейді. Бұл тізімде балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декреттік демалыстағылар, мүгедектер мен балалық шақтан мүгедек азаматтардың күтушілері, студенттер т.б. бар.
Жеке кәсіпкерлер өзі үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеуді бұрынғыша жалғастыра береді. Олар төлейтін төлемде өзгеріс жоқ – 1,4 ең төменгі жалақының 5%. Биыл ЕТЖ өзгерген жоқ, ай сайынғы төлем – 2975 теңге. Сонымен қатар Қазақстанда табысын ресми тіркемеген, жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет түрлерін көрсететін 1 миллионға жуық азамат бар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жататын аталған жеке тұлғалар сақтандыру жүйесіне екі түрлі жолмен қосыла алады: ЕТЖ 5% яғни, 2125 теңге төлеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына қосылуға болады. Немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуші ретінде тіркелуге болады. 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап АЕК 2917 теңге болып белгіленді. Бірыңғай Жиынтық төлемді қала тұрғындары 1 АЕК (2917 теңге) көлемінде, ауыл тұрғындары 0,5 АЕК көлемінде (1458 теңге) төлейді. Бұл төлемнің өзіндік артықшылықтары бар. Жарнаның 40% – Медициналық сақтандыру қорына, 30% – Бірыңғай жиынтық зейнетақы қорына, 20% – Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылса, 10% – табыс салығы ретінде ұсталады. БЖТ арқылы азамат барлық салықты төлейді әрі болашақта базалық зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді ала алады.