Медициналық сақтандыру қоры Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингін жасады.
Мемлекеттің тапсырысы бойынша халыққа 1404 мекеме қызмет көрсетеді екен. Мамандар медициналық көмек кезінде 218 мың ауытқушылықты анықтаған. «Бақылауды тікелей медициналық сақтандыру қоры өткізеді. Медициналық көмектің сапасын бақылау қорытындысы бойынша стационарлы және станционарды алмастыратын медициналық мекемелердің рейтингі түзілді. Тізім ұйымдардың нәтижие коэффициентіне байланысты жасыл, сары және қызыл үш аймаққа бөлінді. 58 медициналық мекеме қызыл аймаққа ілінді» – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Б.Ғазизов. Нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне еліміз бойынша 98 медициналық ұйым енді.
Сараптама қорытындысы олардың 70% жекеменшік клиника екенін анықтап отыр. Жарты жыл ішінде игерілмеген 2,8 миллиард теңге негізгі бағыттар бойынша медициналық ұйымдар арасында үлестіріледі. Атырау облысы бойынша 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында тұрғындарға 63 медицина ұйымы қызмет көрсетті. Оның ішінде 30-ы жеке меншік. Аталған кезең ішінде Медициналық сақтандыру қоры Атырау облысы бойынша филиалы – 103,8 млн. теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгенін анықтады. Оның ішінде: - емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер – 10,2 млн. теңге; - консультативтік-диагностикалық қызметтер – 2,7 млн. теңге; - ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер – 8 млн теңге; - стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 46,2 млрд. теңге; - медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша – 726 мың теңге; - жедел медициналық көмек – 643 мың теңге; Мониторинг жоспарлы түрде ғана емес, жоспардан тыс және мақсатты да жүргізіледі.
Жоспардан тыс бақылауға пациенттердің арыз - шағымдары негіз болуы мүмкін. Сонымен бірге, Қордың тапырмасымен де жүргізіледі. Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды хабарлауы маңызды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы + 7 7122 956936 0 Жарнама banner_small