Осы жылдың 8 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық филиалы МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 4,7 млрд теңге жіберді.
Осы жылдың 8 айында Атырау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 26,2 млрд теңге жарналар мен аударымдар түсті. Бұл ретте жұмыс берушілердің аударымдары – 22,5 млрд теңгені, ал жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, өз – өзіне төлеушілердің жарналары – 3,7 млн теңгені құрады. МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін, содан кейін қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарына жіберілетінін атап өтеміз.
«Қазіргі уақытта елімізде емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор барлық қазақстандықтарды ескере отырып, дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.
Қаңтар - тамыз аралығында шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 1,6 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін – 0,4 млрд теңгені құрады. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 2,2 млрд теңге төленді. Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан тамыз-қыркүйек айларында МӘМС пакетінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының өсуі байқалады.
НАО «Фонд социального медицинского страхования» филиалпо
Атырауской области
Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Единый колл центр – 1406
Сурет: ашық дереккөзден