Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтаудың сұранысқа ие бағыты болып табылады.
Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2020 - жылға қарағанда бір жарым есе көп стоматологиялыққызмет көрсетілген. Бұл қызметтердің негізгі алушылары 17 жасқа дейінгі балалар болып табылады - 5,9 миллион қызмет алынды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда оған зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер сенім арта алады.
«МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 - қаңтарынан бастап халықтың сәйкесіншесанаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызметтер қол жетімді болды. Жүйе жұмысының бірінші жылында 6,8 млн қызмет көрсетілді. Бір жылдан кейін МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті тұтынудың бір жарым есеге – 10 млн қызметке дейін өсуі байқалды. Стоматологиялық көмекті қаржыландыруды ұлғайту оған мұқтаж пациенттерді қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте талдау көрсеткендей, негізгі қызметті алушылар 17 жасқа дейінгі балалар болып табылады», - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
Соңғы екі жылда МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 37 млрд теңгеге 16,8 млн-нан астам стоматологиялық көмек көрсетілді. 2022 жылға сатып алу жоспарында стоматологиялық қызмет көрсетуге 22,7 млрд теңге қарастырылған.
Қорда стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетілетінін, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейтінін еске салды. Қызметтерді алу үшін Қормен келісім-шарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады.
Еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша стоматология қызметтерін көрсетеді.
МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кімдерала алады?
Жоспарлы стоматологиялық көмек келесілер үшін МӘМС пакетімен қарастырылған:
Шұғыл стоматологиялық көмекті азаматтардың келесісанаттары ала алады:
Төтенше жағдай деп санауға болатын кезең?
Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретінкенеттен болған жіті аурулар және созылмалы ауруларасқынған кезде көрсетіледі:
Пациенттердің осы санаттары үшін МӘМС-те қандай көмек тегін қарастырылған?
Егер сізде стоматологиялық көмек алуға қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз әр медициналық ұйымда бар Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіне ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.