Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірге қарасты аудан тұрғындары сапалы медициналық қызметпен қамтылуда 

2024 жылы«Саламатты Қазақстан» пойызы Атырау облысындағы төрт ауданға (Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға) қатынап, 10 286  адамға көмек көрсеткен. Дәрігерлер тобы терапевт, хирург, педиатр, психолог,невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, кардиолог, стоматолог, офтальмолог,онколог-маммолог сынды мамандардан тұрды. Басты мақсат — ауыл халқын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету. Бұл туралы Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде тұратын халықты бастапқы медициналық диагностикамен қамтамасыз ету мақсатында 7 аудандық ауруханада жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Аудан дәрігерлері 2024 жылы 66 елді мекенге барып, 44 мыңнан аса тұрғынды қабылдады. 15 мыңнан астам диагностикалық зерттеу жасалып, 30 мыңға жуық азаматқа бейінді мамандардың кеңесі ұсынылды. Нәтижесінде 984 азаматтан түрлі ауру анықталған. Өткен жылы скринингтік тексерістер де жоғары деңгейде орындалған. Ауруды ерте кезеңде анықтауға, науқастарды уақытылы диспансерлік есепке алуға, тиімді емдеуге, өлім-жітімді азайтып, халықтың жалпы денсаулық жағдайын жақсарту үшін профилактикалық тексеріс пен скринингтік зерттеулерді жүргізудің маңызы зор. Былтыр жүректің ишемиялық дертін анықтауға арналған скринингтен 65 мыңнан аса адам өтсе, қант диабетін анықтауға көмектесетін тексеріспен 67 041 адам қамтылған. Ал глаукоманы анықтауға мүмкіндік беретін скринингтен 67 729 адам өтті. Оған қоса 30 мыңнан аса өңір тұрғыны сүт безі обырына тексерілсе, 11 мың азамат жатыр мойны обыры бойынша скринингтен өткен. Тоқ және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған скринингтік тексеріспен 36 мыңнан астам азамат қамтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT