Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерлан Қиясов Денсаулық вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз