Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Енді МӘМС жүйесінде өткен жылдың қарызын өтеудің қажеттілігі жоқ

Бұл туралы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Атырау облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің басшысы Алмаз Каримжанов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Бұрын сақтандырылған деген мәртебені алу үшін өткен 12 айға төлем жасау керек деген талап болды. Енді мәртебені алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы алуға болады, яғни өткен жылғы қарызды өтеудің қажеті жоқ. Бір жыл бұрын сақтандырылу үшін әр айға 4 250 теңгеден жарна төлеу қажет. Ескеретін жайт, 12 айды жеке-жеке төлеу маңызды. 51 000 теңгені бір төлеген кезде, жүйе жаңа талап бойынша мәртебе бермейді, - дейді А. Каримжанов.

Қазір облыста 81220 адам сақтандыру мәртебесін алмаған. Оның 50 228-і ер адам болса, қалғаны қыз-келіншектер. Анықтама үшін: МӘМС жүйесінде мәртебеңізді https://msqory.kz/kk/ сайты немесе https://t.me/SaqtandyryBot арқылы біле аласыз.Сондай-ақ https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/pass171-2_mz egov қосымшасын пайдалануға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT