Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Денсаулық сақтау саласындағы 30-дан астам түрлі ақпараттық жүйе бірыңғай платформаға біріктіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Қазақстандағы Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау жүйесіндегі 30-дан астам ақпараттық жүйе ңтайландырылып, бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлдім етті.

Бұл дәрігерлерге әкімшілік жүктемені азайтуға және бүкіл жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Шешім жаңа технологиялардың пайда болуын және медицина қызметкерлерінің жұмыс процестерін жеңілдету қажеттілігін ескере отырып қабылданды. Жүйелерді біріктіру бірыңғай дерекқорды құруға, мәліметтерді қолмен беру қажеттілігін жоюға және дәрігерлердің науқастармен тікелей жұмыс істеу уақытын босатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

    — Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінде 30-дан астам ақпараттық жүйе бар, бұл дәрігерлер мен қызметкерлерге қиындықтар туғызуда. Өйткені, олар өз процесінің бір бөлігі ретінде бір жүйеге есепке алу үшін дәрі-дәрмектерді енгізу, басқа жүйеге кіріп, өз аккаунты мен құпия сөзі болуы керек,— деп атап өтті Дмитрий Мун. Жобаны жүзеге асыру басталды. Жыл соңына дейін жеті жүйе бірыңғай платформаға көшіріледі. 

Айта кетейік, болашақта дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент жұмыс істейтін болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT