Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 21 пайызға артқаны белгілі болды. 2019 жылдың І тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалақысы да өскен. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артады. Бірақ оның өсуі, қызметкердің білігі мен еңбек өтіліне байланысты болмақ. Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі 292,7 миллиард теңге болды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бірден 21 пайызға артық.
Дереккөз: Tengrinews.kz