Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Covid-19: Қызылқоғадан 10 адамнан вирус анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 316 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 180 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 42 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 22 жағдай, Индер ауданында - 16 науқас анықталған, Исатай ауданында - 20, Қызылқоға ауданында - 10, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 4, Махамбет ауданында - 10 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 178 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 539 адам емделді.

Қазір 8 469 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 188, екінші облыстық ауруханада – 177 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 59, кардиоорталықта - 100, т/ж ауруханасында - 90 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 111, жатақханада - 81, аудандық инфекциялық стационарларда - 316. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 316 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз