Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Covid-19: Ауданда 9 адамнан вирус анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 120 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 80 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 жағдай, Индер ауданында - 1 науқас анықталған, Исатай ауданында - 2, Қызылқоға ауданында  - 9, Құрманғазы ауданында - 10, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 62 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 58 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 601 адам емделді.

Қазір 6 083 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 175, екінші облыстық ауруханада – 140 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 65, кардиоорталықта - 56, т/ж ауруханасында - 39 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 74, аудандық инфекциялық стационарларда - 214. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 214 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз