Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Covid-19: Ауданда 12 адамнан вирус анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 307 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 155 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 2 науқас анықталған, Исатай ауданында - 32, Қызылқоға ауданында - 12, Құрманғазы ауданында - 9, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 13 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 154 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 153 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 137 адам емделді.

Қазір 8 635 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 180 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 98, т/ж ауруханасында - 85 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 142, жатақханада - 85,

аудандық инфекциялық стационарларда - 339. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 398 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT