Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

COVID-19: АТЫРАУДА КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ – ЕКПЕ АЛМАҒАНДАР

Атырауға коронавируспен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері келді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

3 тамызда құрылған штаб мүшелері  жергілікті қоғам белсенділерімен, соның ішінде, дәрігерлер, еріктілер, сарапшылар, блогерлер және журналистермен кездесіп, маңызды сауалдарға жауап берді. Ашық әңгіме барысында делегация жетекшісі Рахым Ошақбаев вакцина алуды насихаттайтын еріктілер қажеттігін атап өтті.

«Елімізде екпе алу көрсеткіші төмендеп бара жатқаны байқалады. Мәселен, шілденің ортасында тәулігіне 130 мың адам екпе алса, қазір 30 мыңға түскен. Жалпы алғанда, екпе алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 млн қазақстандықтың тек 6 миллионы ғана егілген.  Ал, екпе алу көрсеткіші 62,3 пайызды құраған Атырау сегізінші орында келеді. Осыған орай жансақтау бөлімдері де науқастарға толып жатыр. Демек, жергілікті тұрғындарға екпенің маңызын әлі де түсіндіру қажет. Әсіресе, мыңдаған адам жұмыс жасайтын ірі кәсіпорын жұмысшыларына жан-жақты ақпарат беру керек. Ресми және бейресми бұқаралық ақпарат өкілдері де шынайы ақпаратқа ғана сүйенгені жөн. Сонда халықтың да медициналық сауаты артады» деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT