Жылдың аяғына қарай 4 млн дозадай «Pfizer» вакцинасы елге жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда аталған вакцинаны балаларға және жүкті аналарға салу мәселесін арнайы құрылған комиссия талқылауда.
«Бұл туралы № 7 Атырау қалалық емханасының директоры Гүлнафис Таңбаева брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Қазіргі уақытта 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу мәселесін зерделейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссия отырысы оң шешім қабылдаса, балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу жылдың 4 тоқсанынан басталады» деді спикер.
Мамандар коронавирус инфекциясының таралу деңгейін ауыздықтау үшін, облыс халқының кемінде 70 пайызы вакцина алу қажеттігін айтуда.