Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Ауырған балалардың 85 пайызы 14 жасқа дейінгілер,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, қазір қызылшаға шалдыққан балалардың денсаулықтары қалыпты, күн сайын медициналық күтім жасалады. -Ауырғандар арасында бір жасқа толмаған нәрестелер бар, олар вакцинациядан өтпеген, медициналық көрсеткіштер бойынша екпе алмаған және екпе салдырудан бас тартқан. Сондықтан ата-аналарды балаларының денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, вакцина инфекциялық контагиоздық аурулардың алдын алатынын ескерте отырып, екпеден бас тартпауға шақырамыз. Вацинация қоры бізде жеткілікті, тұрғылықты мекен-жайы бойынша кез келген емханаға барып, тегін екпе салдыруға болады, - дейді Темірбек Мұсағалиев.

Айта кетейік, аймақта қазір осы жағдай жіті бақылауда тұр. Өткен жылдың қазан айында жұмыс тобы құрылды. Бүгінге дейін мамандар облыстың барлық аудандарына барып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді, тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне сақтық шаралары жайында айтты, мектептерде, интернат, балабақшаларда болды, сондай-ақ емханаларда , стационарлық бөлімдерде арнайы кабинеттердің жабдықталуын қадағалады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұрын бас тартып келген 752 бала қызылшаға қарсы екпе алды.

Жалпы елімізде қазір қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып тұр. Қызылша ауруының 1148 дерегі тіркелген, соның ішінде 476 (41,4%) зертханалық тексеріспен расталды. 2018 жылы Атырау облысында қызылша ауруын жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша өткен жылы әлемдегі 138 елде (ауру туралы есеп беретін 184 елдің ішінен) 319 мың қызылша ауруы дерегі тіркелген, оның ішінде ДДСҰ Еуропалық аймағындағы 53 елдің 47-сінде 70 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT