Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр

Жыл сайын әлем халқы мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС /СПИД/ -тен көз жұмғандарды еске алады. Биыл бұл күн 15-мамырда атап өтіледі.

Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС жұқпаларының таралу мәселесіне және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғауға қоғам назарын аудару. Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырушылар жыл өткен сайын көбейіп барады.

Биыл 4 айда аталған инфекция 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і Қазақстан Республикасының азаматы, 2-і шетелдік. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15 жағдайға көбеюде.

АИТВ инфекциясы анықталған 27 адамның 85,2 пайызы қала тұрғындары, ал 14,3 пайызы аудандықтар. Жылыой ауданында- 3, Құрманғазы ауданында – 1 адам анықталған. Инфекция бірнеше жолмен таралған. Мәселен 3 адам инекциялық есірткі тұтыну кезінде, 14 адам жыныстық қатынасы кезінде, ал 5 адам гомосексуалды қатынас және медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. Ал 3 адамның инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз.

Инфекция анықталған 18 еркек пен 9 әйелдің жас ерекшелігі де әр түрлі.  15 пен 29 жас - 11 адам, 30-39 жас - 7 адам ,  40-49 - 5 адам,  50-69 жас аралығындағы 4 адам бар. Жалпы, Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр.  57 вирус жұқтырушы ЖИТС-тен көз жұмған.

 

Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу  орталығының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз