Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда инфекциялық төсек орындар қысқартылып жатыр

«Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ «Індет басталғалы аймақта 49500 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы сауығып шықты. Вирустың таралу деңгейінің ​ төмендеуіне байланысты, облыс бойынша инфекциялық төсек орындар саны қысқартылып жатыр. Мәселен, Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеуге көшті. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас емделуде. ​ Ал, осыдан бір ай бұрын 1818 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын» деп атап өтті спикер Бақытгүл Хаменова. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Еске сала кетелік, пандемияға байланысты Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында 200 орындық модульдік аурухана іске қосылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521