Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 149 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 89 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 16 жағдай, Индер ауданында - 6 науқас анықталған, Исатай ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 5, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 109 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 40 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 166 адам емделді.
Қазір 7 694 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 167, екінші облыстық ауруханада – 146 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 43, жатақханада - 73,аудандық инфекциялық стационарларда - 274. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 414 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.