Атырау облысының әкімі Израиль дәрігерлерімен кездесті

Шетелдік мамандар облыстық дәрігерлерге  бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 3 қарашада аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыстық балалар ауруханасында болып, израильдік дәрігерлер делегациясымен кездесті.

Шетелдік дәрігерлер екі күнде облыстық балалар ауруханасының кішкентай науқастарына бес операция жасады. Облыс әкімі жансақтау бөлімін аралап, отадан кейінгі балалардың хал-жағдайын білді.

Атырауға облыс әкімінің шақыруымен келген израильдік дәрігерлердің жұмысы жалғасуда. Дәрігерлер атыраулық әріптестермен тәжірибе алмасумен қатар, науқастарға кеңес беріп,  ота жасауда.

Айта кетейік, облысқа акушерия және гинекология, балалар хирургиясы, жедел жәрдем, медициналық мекемелерге триаж жүйесі бойынша мамандандырылған 6 израильдік дәрігер келді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика