Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысының әкімі қала тұрғындарын COVID-19 вакцинасын алуды кейінге қалдырмауға шақырды

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов вакцинация мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі орынбасарларының, басқарма басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режимде өткен кеңесте өңір басшысы вакцинация жұмыстары оның жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Соңғы он күндікте вакцинация динамикасы жақсарғанына қарамастан, біз әлі де артта қалып отырмыз. Аудандарда өте төмен. Атап айтқанда, Жылыой ауданында халықтың 19,5%-ы, Мақат ауданында 28,2% - ы, Исатай ауданында 36,2%-ы, Қызылқоға ауданында 36,5%-ы егілді. Бұл ешқайда жарамайды. Жұмысты тиісінше орындамағаны үшін салаға жетекшілік жасайтын орынбасарларға тәртіптік шара алу қажет. Мен мұны өзім қадағалаймын, - деді аймақ басшысы.

Осыдан соң Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев статистикалық мәліметтерді ұсынды.

- Қазіргі уақытта Covid-19 вакциналарының I компонентімен 164 320, ал, II компонентімен 119 429 адам егілді. Аймақта 87 науқастың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімшелерінде 15 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1803 адам ем алуда, - деді ол.

Кеңес барысында Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, вакцинациядан бас тарту себептерін анықтауды тапсырды.

- Вакцинацияланбағандар, ауырып жазылған адамдар сияқты қауіп аймағында болады. Егер біз адамдардан айырылғымыз келмесе және әдеттегі өмір ырғағына оралуды қаласақ, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек", – деді аймақ басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521