Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында бір тәулікте 93 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 93 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 63 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 10 жағдай, Индер ауданында - 3, Исатай ауданында - 2 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 3, Құрманғазы ауданында - 3, Махамбет ауданында - 6 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 63 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 30 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 441 адам емделді.

Қазір 2 416 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 142, екінші облыстық ауруханада – 128 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 61, кардиоорталықта - 12, т/ж ауруханасында - 14 адам ем алуда, жатақханада - 28, аудандық инфекциялық стационарларда - 125. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 118 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT