Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында бір тәулікте 77 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 77 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 6 науқас анықталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 31 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 46 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 435 адам емделді.

Қазір 2 691 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 143, екінші облыстық ауруханада – 137 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 61, кардиоорталықта - 12, т/ж ауруханасында - 14 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 10, жатақханада - 31, аудандық инфекциялық стационарларда - 137. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 127 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT