Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 126 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 4 жағдай, Махамбет ауданында - 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 51 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді.
Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 176 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 53, жатақханада - 76, аудандық инфекциялық стационарларда - 279. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 451 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.