Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауға "Hayat-Vax" вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны "Hayat-Vax" вакцинасын алды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған.

- Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының "Hayat-Vax "вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны "Медикер Жайық" ЖШС-не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады,- деді А. Байдуәлиев.

Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazvaс, "Спутник V" және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді. Естеріңізге сала кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн. дозасы "Самұрық-Қазына" қоры арқылы сатып алынды. Аталған вакцина Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT