Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарағандының бас санитарлық дәрігері «Pfizer» вакцинасымен егу қалай жүргізілетінін айтты

Қарағанды облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин «Pfizer» вакцинасы кімдерге салынатынын айтып берді.

«Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасы салынады:

– 12 жастан асқан балаларға;

– жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдерге;

– бала емізетін әйелдерге (босанғаннан кейін 42 күннен кейін).

«Қазіргі уақытта ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Pfizer» өндірісінің «Комирнати» вакцинасымен иммундау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы қаулысы шығарылды. Бастапқы кезеңде КВИ-ға қарсы профилактикалық екпелерді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер ала алады, келесі кезеңдерде 15, 14, 13 және 12 жастағы басқа жас топтарындағы жасөспірімдер жүйелі түрде егілетін болады. Мен вакцинацияның ерікті екендігіне назар аударамын, екпе салу тек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің алдын ала келісілген келісімімен ғана жүргізілетін болады», – деді Юрий Залыгин. «Комирнати» – бұл коронавирус инфекциясына қарсы вакцина, құрамында иммундық қорғаныс түзетін вирус жоқ, КВИ тудырмайды. Вакцина ағзаның иммундық жүйесін вирусқа қарсы антиденелер шығаруға мәжбүр етеді, осылайша денені COVID-19-дан қорғайды. «Вакцинация жүргізер алдында коронавирустың және коронавирусқа антиденелердің бар-жоғына тексеру жүргізілмейді. Профилактикалық егудің алдында медицина қызметкері адамды тексереді, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда егуге рұқсатты ресімдейді, егілушіге немесе оның ата – анасына, сондай-ақ заңды өкілдеріне егу туралы толық және объективті ақпарат береді, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдары түсіндіріледі», – деді Юрий Залыгин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521