Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қандай дəрі түрлері тегін берілетіндігі айтылды

Емхана жанынан құрылған мобильді топ науқастардың үйіне дәрі-дәрмектерді апарып береді. Кейін бейне байланыс арқылы науқастың жағдайын қадағалап тұрады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі  3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның онлайн брифингтегі сөзіне сілтеме жасап.

"Мобильді топ құрамында фельдшер, жалпы тәжірибелік дәрігер және психолог бар. Ал, созылмалы ауруы бар науқастар болса оларда коронавирус жұқпасы ауыр өтетіндігі алдын ала қаралып, арнайы комиссия құрылады. Науқастың ауруының күрделілігіне қарай ем тағайындалады, қажет болса ауруханаға жеткізіледі. Науқастың дене температурасы жоғарылап, құсу, іші ауыру белгісі болса, ең алдымен температура түсіретін дәрі ұсынылады. Екінші кезекте қанды сұйылтатын дәрі, одан кейін науқаста бактериалдық пневмония байқалса алгоритм бойынша антибиотиктер  тағайындалады" деді Клара Жасақбаева.

Айта кетейік, COVID-19 жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрілердің қатарында парацетамол, ибуфен, аспирин, прадакса препараттары бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT