Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«А» вирусты гепатит

Жедел вирусты «А» гепатиті ішек жұқпалы аурулары тобына жатады.

Негізгі зақымданатын мүше – бауыр. Бұл гепатиттің ең қауіпті түрі болып табылады. В және С гепатитінен айырмашылығы А гепатиті созылмалы аурудың дамуына әкелмейді. Көбіне балалар мен мектептің бастауыш сынып оқушылары ауырады. Бұл жастағы балаларда гигиеналық ережелердің толық қалыптаспағандығына байланысты.  Қоздырғышы - вирус. Ол  қоршаған ортаға төзімді болғандықтан, ұзақ сақталады. Аурудың жұғу көзі –сырқаттанған адам. Қоздырғыш қоршаған ортаға науқас адамның зәрімен, нәжісімен таралады. Сөйтіп, жедел вирусты «А» гепатиті су, тағам немесе қарым-қатынас арқылы жұғады.  Вирус ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі.

Вирус адам ағзасына өткеннен кейін жасырын түрде басталады, яғни инкубациялық кезең деп аталады. Орта есеппен алғанда аурудың алғашқы белгілері 15-50 күннен кейін пайда болады. Бұдан кейін аурудың белгілері біліне бастайды. Дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тамаққа тәбеті болмайды. Әлсіреу, құсу, жүрек айну байқалады. Науқастарда катаральді белгілер байқалып, ЖРВЖ кезіндегідей тамақ қызарады. Кіші дәреттің түсі өзгеріп, қараяды. Үлкен дәреттің түсі ағарып, көздің ақ қабығы және дене сарғыштанады. Егер Сіз өзіңізде немесе балаңызда осы аталған белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс. Жалпы вирусты гепатит «А» ауруының алдын алу шаралары кәдімгі күнделікті гигиена сақтаудан тұрады. Тамақтанар алдында және  даладан үйге келгенде қол жуып, жеміс-жидектер мен көкеністерді, асқа қосатын жасыл желектерді ағып тұрған судың астына шаю және қайнаған сумен жуған абзал. Ауыз су ретінде тек қайнаған суды немесе құтыдағы суды  қолданып, белгісіз су тоғандарындағы суды тамақ әзірлеуге, ішуге қолданбау керек. Арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылып, үй жайларын тазалықта ұстауы тиіс. «А» вирустық гепатитті алдын алуда  вакцинациялаудың маңызы зор.  Бұл ретте, балаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген Ұлттық егу кестесіне сәйкес екпе жүргізіледі (екпе аралығы 6 айда екі рет егіледі). Сондықтан, өз денсаулығыңыз бен балаңыздың денсаулығына мұқият болғаныңыз жөн.

Н.АМАНИЯЗОВА,

аудандық  тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының  жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521