Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

А.Ғиният Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылыс барысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР ДСМ ұлттық шұғыл медицинаны  үйлестіру орталығының құрылысымен танысты.

ҚР ДСМ басшысына қазіргі уақытта объектіде монолитті жұмыстар аяқталғаны туралы ақпарат берілді. Қазіргі уақытта өңдеу, желдету жүйесі, электр және әлсіз ток желілері орнатылуда.

Бұл орталық 200 төсек-орынға арналған. Шұғыл медицинаны ұлттық үйлестіру орталығы қызметінің негізгі бағыттары стационарлық көмек, медициналық авиация, клиникалық-диагностикалық және консультациялық-диагностикалық көмек болады.

Орталықта 10 төсектік күндізгі стационардың және 21 бейін бойынша 8 клиникалық департаменттен тұратын тәулік бойы стационардың, сондай-ақ 12 залдан тұратын оперблоктың болуы жоспарлануда.

Құрылыс барысымен танысқаннан кейін министр осы жобаны іске асыру бойынша кеңес өткізді. А.Ғиният бұл орталық елдегі шұғыл медицинаның флагманы болуға арналғанын және оны кадрлық, технологиялық қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр жобаны дәл уақытында іске асырудың маңыздылығы туралы айтты. Өз кезегінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ және "Mabco Constructions SA" мердігер компаниясының өкілдері құрылыс 2023 жылдың басында аяқталады деп сендірді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT