2022 жылы 11 057 орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында “Қаржы орталығы” АҚ-ның өкілі Арнай Смагулов мәлім етті.
«Бүгінгі таңда 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді және 2019-2021 жылдары 148 621 орындық 408 жекеменшік мектеп ашылды. Өңірлік бөліністе жеке меншік мектептерді ашу бойынша көшбасында Алматы қаласы тұр.
Сондай-ақ, Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында талапкерлер мен студенттерге негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін ұзарта отырып, кепілсіз студенттік кредиттер алуға мүмкіндік бар. Кредиттің жалпы мерзімі 10 жылға дейін, толығырақ ақпаратпен fincenter.kz ресми сайты арқылы танысуға болады, деді спикер.
Еске сал кетейік, 2013 жылдан бері «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс жасап келеді. Депозиттің қатаң нысаналы мақсаты: жинақталған қаражат ҚР-да, сондай-ақ шетелде оқудың ақысын төлеуге жұмсалуы тиіс.
Қазіргі уақытта білім беру депозитін ашуға болатын МБЖЖ-ға қатысушы банктер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%, «Jysan Bank» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 8.3%, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, сыйақы мөлшерлемесі – 8.8%, «Нұрбанк» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%.