Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жазғы демалыс және бос уақыт: 2025 жылы 3,2 млн оқушы бағдарламалармен қамтылады

ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады.

 «Еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында 3,2 млн бала жазғы каникулын өткізеді. Оның 15 мыңнан астамы – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала – қала маңындағы, 2,8 млн бала – мектеп жанындағы, 160 мың бала – шатырлы және киіз үй демалыс орындарында демалады», — деп атап өтті министр. 

Оның айтуынша, өңірлермен бірлесіп барлық демалыс орталықтарының тізімі бекітіліп, олардың дайындығы республикалық штаб отырыстарында қаралды. Санитарлық нормалардың, тамақ қауіпсіздігі талаптарының, сондай-ақ судағы, ормандағы және спорт объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді. 

Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Жаздық жолдама» жобасы аясында 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Көп балалы және ауылдық отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі. 

Жазғы демалысты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Министрлік 120 мың ұйымдастырушы-педагогті даярлады. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылатын болады. 

Өңірлер инфрақұрылымда да, жазғы демалыс мазмұнында да оң өзгерістерді көрсетуде:

➤ Түркістан облысында қамтуды кеңейту үшін 10 лагерде модульдік корпустар салынуда;

➤ Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы жалғасуда – биыл алты елді мекеннен 62 отбасы қатысып, 140 балаға арналған демалыс ұйымдастырылады;

➤ Ақтөбе облысында және басқа да бірқатар өңірлерде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында колледждер жанындағы лагерлерде оқушылар шеберлік сыныптары мен кәсіптік бағдар беру сессияларына қатысады.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бағытында жазғы еңбек, туристік, шығармашылық, интеллектуалдық іс-шаралармен 3,4 млн бала қамтылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT