Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС

      16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай жастар ресурстық орталығында жастар арасында «Тәуелсіз елім – тірегім, самғауыңды тіледім!» атты дебат сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – жастардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру, өз ойын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу. Оған аудан орталығындағы үш мектептен барлығы 12 пікірсайысшы қатысты.

     Дебат барысында жастар ақтаушы және даттаушы жақ болып бөлініп, білім, жастар тәрбиесі, мамандық таңдау сынды тақырыптарды талқылап, өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

     Тартысты өткен сайыс нәтижесінде «Жеті жарғы» фракциясы бірінші орынды жеңіп алса, «Дарын» фракциясы екінші орынға, «Болашақ» фракциясы үшінші орынға ие болды. Ал, «Үздік спикер» болып Айнамгөз Санатқызы лайық деп танылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев марапаттап, диплом мен естелік сыйлықтар марапаттады.

Дулат БЕРІК

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз