Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жас өнертапқыштар өз шеберліктерін көрсетті

Атырауда облыстық робототехника турнирі "Atyrau BilimTech-2025" және педагогтар мен оқушылар жобаларының көрмесі "Atyrau RoboPark" өтті.

Шара Атырау облысында STEAM және робототехника бағыттарын дамыту, балалар мен жастардың техникалық шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

"Atyrau RoboPark" көрме аясында қатысушылар жаңа идеялармен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Ал "Atyrau BilimTech-2025" турнирі білім беру және спорттық робототехника федерациясы — "КазРоботикс"бекіткен "KazRoboSport-2025" ережелері негізінде өтті.

Робототехника  жарысына қаладан бөлек, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Индер, Құрманғазы аудандарынан  126 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Барлығы 77 команда қатысушыларын 36 мектептен 41 мұғалім даярлады. Жарыс бірнеше номинация бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар жарысқа алдын ала құрастырылған автономды роботтармен келді. Бұл роботтар датчиктер арқылы алынған мәліметтерге сүйене отырып, ешқандай сыртқы араласусыз өздігінен әрекет етеді.

Әрбір номинацияда роботқа нақты тапсырма жүктелді.

Мысалы:

  • Сумо санатында робот қарсыласын рингтен итеріп шығару керек;
  • Гонки по линии (жолмен жарысу) номинациясында – робот белгіленген сызық бойымен мейлінше тез жүруі қажет;
  • Кегельринг-квадро тапсырмасы бойынша – робот тек белгілі бір түстегі банкілерді тауып, оларды алаңнан шығаруы тиіс.

Мұндай жарыстар оқушылардың техникалық ойлау қабілетін, логикалық шешім қабылдауын және инженерлік дағдыларын дамытады.

Ең жоғары нәтижеге жеткен роботтар – жылдам, нақты және тұрақты жұмыс істеген құрылғылар болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер:

«Кегельринг-квадро» - Аманжанұлы Нұрислам, Махамбетұлы Бексұлтан (Қызылқоға ауданы);

«Жолмен жарысу»  - Саниязбек Қайырбек (Атырау қаласы);

«Робо-сумо 25*25» -Ерсаин Ернур, Төлеміс Әсет (Атырау қаласы).

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом мен ақшалай сертификат табысталды.

Айта кетейік, іс-шара "JasUp" жобасы бойынша  Атырау облыстық білім беру басқармасының қолдауымен, Теңізшевройл компаниясыны Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында және Атырау облыстық  Ұлттық Гимназиясының серіктестігімен өткізілді.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT