Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа оқу жылының жаңалығы көп

Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру саласы қызметкерлерінің аудандық дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті.

Бірақ, елдегі жағдайға байланысты биылғы жиын жылдағыдан өзгеше ұйымдастырылып, «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн режимде өткізілді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залына жиналған білім беру саласы қызметкерлері ара қашықтықты сақтай отырып, санитарлық норманы да естен шығармаған. Тамыз кеңесіне аудан әкім Нұрсұлтан Бисембиев, аудан әкімінің орынбасары, білім беру саласының ардагерлері мен мектеп директорлары және ұстаздар қатысты. Онда алдымен сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділов жаңа оқу жылының міндеттері мен өзекті мәселелер туралы баяндады.

Қазіргі жағдайда адами капиталды дамыту және білім саласын жетілдіру негізгі басым міндеттердің бірі. Бұл бағытта ауданда жасалып жатқан нәтижелі қадамдар аз емес. Білім беруді қолдау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің желісі жыл сайын артып келеді. Аудандағы 12 балабақшада 1190 бала бар. Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 81 пайыз, ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылып отыр. Дейтұрғанмен, әлі де болса кемшін тұстарымыз баршылық. Қазіргі таңда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде, талапқа сай келмей отырған балабақшалар бар. Олар: Жамбыл, Көздіғара ауылдарындағы «Жауқазын», «Қызғалдақ» балабақшалары. Ауданның даму жоспарына сәйкес 2021-2023 жылдар аралығында заманауи негізде 100 орындық Жамбыл, Көздіғара, Ойыл ауылдарынан, 50 орындық Тайсойған ауылдық округінен балабақша құрылысы басталмақшы. Қазірде осыған байланысты жұмыстар ұйымдастырылуда. Орта білім беру мазмұны жаңартылуда. Былтырғы оқу жылында жаңартылған білім беру жүйесіне 4,10 сыныптар көшірілсе, биылғы жылдың ерекшелігі 11 сынып осы жүйеге көшіп, барлық сыныптар толықтай 100 пайыз жаңартылған білім жүйесі бойынша оқытылатын болады. Қазіргі таңда бұл сыныптың оқулықтарының 70 пайызы келіп, мектептерге таратылуда. Оқушылардың жаңа технологиямен жабдықталған мектептерде, кабинеттерде оқуларына жыл сайын жағдай жасалуда. Былтырғы жылы Сағыз орта мектебі мен Жантерек елді мекенінде орналасқан №75 бастауыш мектептері пайдалануға берілсе, биылғы жылы Мұқыр ауылынан 424 балаға есептелген мектеп салынуда. Аудан мектептері жыл сайын жаңа үлгідегі модификациялық кабинеттермен жабдықталып отыр. Мектептерге қажетті құрал-жабдықтар алу үшін 63000,0 тенгеге қаржы қаралып, қажетті заттар алынуда. Қарабау орта мектебіне қазіргі таңда жаңа үлгідегі биология кабинеті келіп жұмыс істеуде. Аудан бойынша STEM кабинеті өткен оқу жылында Сағыз орта мектебіне алынған. Бұл мектепте STEM зертханасында оқушылар өз шығармашылықтарын дамытып, кіріктіріліген білім алудың мүмкіндіктерін пайдалануда. Алдағы уақытта басқа мектептерге де осындай кабинеттер алу жұмыстары қарастырылуда. Үкімет тапсырмаларына сәйкес орта білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің үлгісінде жабдықтау, білім беру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта мектеп мұғалімдері биылғы жылы 79 мұғалім жаңартылған курстан, 56 мұғалім құзіреттілік бойынша өтіп, 7 мұғалім облыстық, республикалық деңгейдегі ұйымдастырылған тәжірибе алмасу семинарларына қатысып өз тәжірибелерін толықтырды. Семинарға қатысқан мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен аудан мұғалімдері арасында диалогтың алаң ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Аудан бойынша екі тірек мектебі жұмыс істейді. №9 және Б.Аманшин атындағы орта мектептері. Былтырғы оқу жылында ай сайын Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінен тағылымдамадан өтіп, №9 орта мектебі өз жұмысын жақсы қорғап шықты. Тірек мектептері мен ондағы фокус топтарының жұмыстарын, білім сапасының көтерілуіне бірден-бір ықпал ететін жұмыс ретінде атап өтуге болады.Былтырғы оқу жылын 55 пайыз сапа көрсеткішімен аяқтадық. №75 бастауыш мектебіне биылғы жылы IT кабинеті берілсе, қалған 3 бастауыш мектептерге де осы кабинеттерді алу жұмыстары жүруде, – деді өз баяндамасында аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділов.

Оның айтуынша, биылғы оқу жылында аудан бойынша 13 орта, 1 мектеп-гимназия, 4 бастауыш мектептерде 6279 оқушы оқиды. МАД тобы мен 5-11 сынып аралығындағы оқушыларға оқу қашықтан оқу режимінде ұйымдастырылады. Ал 1-4 сынып оқушылары үшін ата-ана өтінішіне сай, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылуда. Қазіргі таңда 17 мектепте 125 кезекші сыныптары ашылып, оған 1495 оқушы қамтылғалы отыр. Әр сыныптағы оқушы саны ережеге сай 15 оқушыны құрайды. Штаттық режимде оқитын Тасқұдық бастауыш мектебі. Ондағы сынып саны 4, оқушы саны 16. Қашықтан оқуға байланысты барлық пән мұғалімдері «Мектептегі қашықтықтан оқыту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбындағы секция жұмысына аудан бойынша мектеп басшылары, пән мұғалімдерінен 82 мұғалім қатысса, «Мен қашықтан оқытуды үйренемін» атты курсқа барлық пәннен аудан бойынша 856 мұғалім қатысып, тәжірибелерін толықтырды. Барлық мектеп өз мүмкіндіктерін ескере отырып, өз таңдаулары бойынша жұмыс істейтін интернет платформаларын таңдап отыр.

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев барша ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жиында бір топ педагогтарды білім және ғылым министрінің Құрмет Грамотасы мен алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, мұғалім, тәрбиешілерге аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының, облыстық, аудандық мәслихат хатшысының, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттары табысталды.

Сондай-ақ, өткен оқу жылы бойынша саралау жүргізіп, мектептердің жыл ішіндегі атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Кенбай орта мектебі І дәрежелі, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта орта мектеп ІІ дәрежелі, Миялы орта мектебі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Одан кейін ардагер ұстаз Азия Бақтыгереева мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы

Гүлзира Ермұханбетова – Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Гүлжамила Қаржаубай – Миялы орта мектебі

Гүлзира Жақсы – Жаңашаруа орта мектебі

Айнагүл Жақсылық – Қарабау орта мектебі

Дина Жолдыбаева – Ғ.Сланов атындағы орта мектебі

Айша Нұрғалиева – Кенбай орта мектебі

Венера Мырзағалиева – Мұқыр орта мектебі

Телман Ғұмаров – Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы

Бағила Некесова – Сағыз орта мектебі

Гулфайруз Анжанова – аудандық әдістемелік орталық

Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хаты

Аққаймақ Мәмбетқалиева – «Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасының әдіскері

Бекзада Әлменбетова – Кенбай орта мектебі мұғалімі

Айсұлу Есенова – «Нұр шуақ» балабақшасының психологі

Бақтыгүл Нұғманова – аудандық білім бөлімінің бас маманы

Мейрамбек Шүрегеев – Қаракөл орта мектебі

Бақтыгүл Молдағалиева – Тасшағыл орта мектебі

Рита Алтайқызы – Ш.Еркінов атындағы орта мектебі

Гүлнұр Асанғалиева – Б.Аманшин атындағы орта мектебі

Аманжол Жәлеке – Миялы өнер мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT