banner_damu

Зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республиксының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектептердегі тамақтандыру қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында арнайы комиссия құрылып, аудандағы білім беру ұйымдарының асханаларына зерделеу жүргізілу басталды.

Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов, мәслихат депутаттары, аудандық білім бөлімі, аудандық әдістемелік орталық, қоғамдық кеңес өкілдері, орталық аурухана дәрігері енгізілді.

Өткен аптада Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия мен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте болған зерделеу комиссиясы ұжымның тамақтану бағытында жасақталған құжаттарды тексерді. Тексеру қорытындысымен мектеп әкімшілігіне бракераж комиссиясының жұмыс жоспарын, перспективалық ас мәзірін жасақтау, мектеп сайтына ас мәзірін орналастыру, асханаға таза ауыз су ішетін диспансерлер орнату, мұғалімдердің кезекшілік кестесін жасақтап, бейне бақылау құрылғысын орнату, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау шараларына жоспар жасақтау секілді ұсыныстарды енгізді. Сонымен бірге, мектеп асханаларында болып, балалардың тамақтану барысына қатысып тексерген зерделеу комиссиясының мәлімдеуінше, тамақ мәзірі, оның құнары жөнінде ешбір сәйкессіздік анықталмады. Асхана үстелінде ас мәзірінде көрсетілгендей мөлшерімен көкөніс салаты, ыстық тағам, сусын, наны қойылған. Ас мәзірі де бекітілген стандартқа сай жасақталған.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту бағытында мектеп әкімшілігінің ұйымдастырып отырған жұмыстарын зерделеу аудандағы барлық білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика