Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада салынып жатқан нысандарды тексерді

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жауапты сала басшыларымен бірге Атырау қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылыс барысымен танысты.

Бүгінде Атырау қаласында салынып жатқан білім ордаларының құрылысы Береке, Сарыөзек, Жұлдыз-2, Жұлдыз - 3, Ақсай және Водников ауылдарында жүргізілуде. Қазіргі уақытта әр нысанның жерін қазу және іргетасын құю жұмыстары аяқталып, монолитті қаңқасы тұрғызылып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл аяқталып, келесі оқу жылында пайдалануға берілмек. Аймақ басшысы мердігерлерге мектеп құрылысын өндірістік кестеге сай жүргізуді, жұмыстардың жүру барысын қатаң бақылауда ұстап, сапалы аяқтауды тапсырды.

•⁠ ⁠Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында осы ұлттық жобаны іске асырды. Бұл мектептердің де деңгейі жоғары, ішіне қойылатын әр жиһаз бен құралдар заманауи болуы тиіс. Білім ошақтары ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Осы нысандарды салу арқылы өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер жойылады.-деді С.Шәпкенов.

Анықтама үшін: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы тоғыз мектептің құрылысы басталды. Биыл тағы үш мектептің құрылысы басталады. Нәтижесінде 12 жаңа мектепте екі кезеңде 24 мың оқушы білім алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT