Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Рухани дамудың қайнар көзі

«Өзін-өзі тану» деп аталатын, рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша білім жобасының авторы Сара Назарбаева тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді.

Жоба авторы аталмыш бағдарламаның мәнін – ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу, өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу, «жақсы» мен «жаманды» ажырату, өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, өзі және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру, адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесіп, қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсіндіреді.

Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы. «Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады.

Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет» - деп педагог әрі психолог Ш.А.Амонашвили айтқандай, бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек. Сонда әлем де жаңарып, өзгереді. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.

Гүлбану ЕРСІНҚЫЗЫ,

аудандық әдістемелік орталықтың эстетикалық пәндер бағытындағы әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521