Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Отанды сүю мектептен басталады

Өткен аптаның сейсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан Анарбек Муталяпов бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен кездесті.

Дөңгелек үстел бағытында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – аудандағы білім беретін оқу орындарында «Бастапқы әскери дайындық пәнін» сапалы жүргізу, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын нығайту және оқушылар арасында патриоттық, әскери-патриоттық тәрбие, Отанға, елге, жерге және халқына деген сүйіспеншілікті ояту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу.

Шара барысында алдымен аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан Анарбек Муталяпов бұл бағытта облыс көлемінде қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Атырау гарнизонының бастығы, генерал-майор Қ.Абубакировтің Атырау облысының білім беру ұйымдары мен оқу пункттерін гарнизон әскери бөлімдер атына тіркеу туралы бұйрығымен таныстырды.

Бұдан кейін аталмыш бөлім бастығы «Бастапқы әскери дайындық пәні» мұғалімдерімен пікірлесіп, олардың жұмыстарымен танысты. Жиында аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақтыгүл Нұғманова сөз сөйлесе, аталмыш пән мұғалімдері Нұрлыбек Мұса, Оңғар Қосжанов және басқалары мектептерде оқушыларды алғашқы әскери дайындық бойынша, әскери оқу орындарына баруға ниет еткен түлектерді дайындау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT