Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мектеп формасы 30%-ға қымбаттады

Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлайды  "Астана" арнасы. 

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

"Ең қымбаты Түркия мен Пекин болып тұр. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен. Қымбат бағасы", – деп толықтырды Сағадат Көмекбаева.

Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.

"Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталып қалды", – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.

 

Фото: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT